Шымкент-Цирк мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

0
3 067

Нұрлан Әділханов 2019 жылы «Түркістан сарайы» мекемесінің директоры болған.


Шымкент-Цирк мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенованың бұйрығымен цирк директоры болып Әділханов Нұрлан Ыдырысұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әділханов Нұрлан Ыдырысұлы 1965 жылы Семей облысы Аягөз елді мекенінде дүниеге келген.
Ол 1996-1998 жылдары Шымкенттегі облыстық халықтық-методикалық орталықтың көркемдік жетекшісі болып қызмет етті. Ал 1998 жылдан 2006 жылға дейін жоғарыда аты аталған орталықтың директоры болып еңбек еткен. 2006-2007 жылдары бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Концерт қауымдастығы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2007-2019 жылдары Облыстық халық шығармашылығы және мәдениет орталығының басшысы болды.
2019 жылы Түркістан облыстық «Түркістан сарайы» мекемесінің директоры болды.
2020 жылдан бері «Шымкент қалалық мәдениет үйі» директоры болып қызмет атқарды.