ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй басқармасының басшысы тұрғындарды қабылдады

0
443

Тұрғын үй кезегіне тұрудың тәртібі және кезектегі азаматтардың жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй басқармасының басшысы тұрғындарды қабылдады

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев 100-ге жуық халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген баспана мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында қабылдау өткізіп, заң аясында тұщымды жауаптары мен кеңестерін берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қабылдау барысында көпбалалы отбасылардың халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың баспана мәселелерінің тиімді шешілу жолдары қарастырылды. Тұрғын үй кезегіне тұрудың тәртібі және кезектегі азаматтардың жеңілдетілген несиелік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді.
- «Кезекте тұрған адамдардың баспана мәселесін тезірек шешуге барынша жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда қалада тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға арналған үйдың құрылыс жұмыстары жылдан жылға қарқын алып келеді. Баспана мәселесінің оң шешілуіне жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Мемлекет қаражатты тек үй құрылысына ғана емес, жалдау ақысын субсидиялауға да бөліп жатыр. Осы шараның арқасында Шымкентте 8 мыңнан астам отбасыға нақты көмек көрсетілу қарастырылып отыр»,- деді Ғалымжан Әмірбекұлы.
Сонымен қатар басқарма басшысы келуші тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы жолданып жүрген алаяқтардың жалған құжаттамаларына алданып қалмауға шақырды. Бұл бойынша құқық қорғау органдарына шағымдана алатындығы айтылды. Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жалдамалы баспаналар Заң аясында кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында тұрғын үй кезегі жақын қалған тұрғындар да бар. Азаматтар тұрғын үй кезегін егов электрондық порталы арқылы кез келген уақытта бақылай алады. Тұрғын үй кезегіне қатысты қызметтер толығымен автоматтандырылған.