ШЫМКЕНТ: ​ТЖД жылыту маусымы кезеңінде қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

0
367

Күн сайын қауіпсіздік шаралары бойынша 112 қызметі арқылы ұялы абоненттерге 110 рет «СМС» ескерту хабарламалары жолданып отыр.


ШЫМКЕНТ: ​ТЖД жылыту маусымы кезеңінде қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

көрнекілік сурет ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау арқылы, өзіңіздің және басқалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, қоршаған орта мен материалдық құндылықтарды қорғауға шақырады.


«Орын алған өрттердің туындау себебінің басым бөлігін – электр қондырғыларын орнату және оларды пайдалану кезіндегі бұзушылықтар немесе отты абайсыз қолдану жағдайлары құрап отыр. Сонымен қатар, қатты отынды пайдалану кезінде орын алған улы газбен улану фактілерін талдау нәтижесінде, жазатайым жағдайлардың басым бөлігі адамдардың қырағылығын төмендететін мерекелік күндері алкогольдік сусындарды қабылдау мен ауа райының күрт суу салдарынан орын алғандығы байқалды»,- деді Шымкент қ. ТЖД бастығының орынбасары а.қ. полковнигі Е. Отарғалымұлы бүгінгі Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Е. Отарғалымұлының айтуынша, жалпы жылыту маусымының басынан бастап Департамент 12 брифинг, әлеуметтік желілерде 120, БАҚ 630 шығарылым жарияланып (85 басылым, 83 ТВ, 462 радио) шағын аудандар арасында 540 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жүргізілді.
140 мың астам адамды қамтитын 41 мың үй араланып, 16 мың адамды қамтитын 230 жиын ұйымдастырылды. Білім беру мекемелерінде 12 мың оқушыны қамтитын 102 интерактивті сабақ өткізілді.
Қала аумағында есепке алынған 2005 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына 2 кезеңде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 8 мыңнан адамға қол қою арқылы жадынама парақшалары таратылды.
Күн сайын қауіпсіздік шаралары бойынша 112 қызметі арқылы ұялы абоненттерге 110 рет «СМС» ескерту хабарламалары жолданып, 24 цифрлық телеарналарда тәулігіне 3 реттен аудиороликтер көрсетілуде.