Шымкент: U:HACK фестивалінің жеңімпаздары 12 миллион теңге грант ұтып алды

0
2 098

Жиынның мақсаты Шымкент қаласында кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды жақсарту.


Шымкент: U:HACK фестивалінің жеңімпаздары 12 миллион теңге грант ұтып алды

Шымкентте U:hack инновациялық идеялар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың қараша айында онлайн форматта өткен инновациялық идеялар фестиваліне 1280 адам қатысты. Қатысушылар бір тәулікте 471 жоба ұсынған. Онда қала мен қоғамның түрлі мәселелерін шешуге арналған ақпараттық технологиялар, контент пен медиа, кәсіпкерлік сынды секциялар болды.
U: hack фестиваліне серіктестестерден 5 миллион теңге берілді. Одан өзге оқу мен өнімнің гранттары ретінде 12 миллионнан астам теңге тартылған.
Жиынның мақсаты Шымкент қаласында кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды жақсарту.
Бұл байқауды «U:projects» қоғамдық бірлестігі мен The Point венчурлік қоры бірлесе ұйымдастырған.
ThePoint венчурлық қоры – бұл U:hub платформасындағы жас кәсіпкерлердің барлық даму кезеңдеріндегі жобаларын қолдайтын бизнес-инкубатор.