ШЫМКЕНТ: «Университет аруы - 2023» байқауы өтті

0
420

Байқауға қатысушылар ережеде көрсетілген​ 4 кезең бойынша өнер көрсетті.​


ШЫМКЕНТ: «Университет аруы - 2023» байқауы өтті
Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Орталық Азия Инновациялық университеті қыздары арасында «Университет аруы-2023» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған байқаудың мақсаты - қатысушы аруларды ізгілікке, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке баулу. Байқауға қатысушылар ережеде көрсетілген 4 кезең бойынша өнер көрсетті.
Арулар сайысының қазылар алқасында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры – Спанов Бахтияр, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры орынбасары – Орынбеков Заманбек, Орталық Азия Инновациялық университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты – Балабекова Дина және №1 Талант мектебінің директорының орынбасары, журналист – Арғынбай Рахат болды.
Алғашқы кезеңде қатысушылар өзін-өзі таныстырса, келесі турда қазылар алқасы арулардың өнерлеріне куә болды. Қазылар шешімі бойынша Ұлтанқұл Балжан - «Университет аруы-2023» байқауының жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, байқаудың төрт кезеңінен сүрінбей өткен басқа да арулар жүлделі орындарды иеленіп, қаржылай қолдауға ие болды.
Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Болашақ» пікірсайыс орталығының 10 жылдығына арналған «Көктем шапағаты» республикалық дәстүрлі пікірсайыс турнирі де өз мәресіне жетті. Пікірсайысқа Алматы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облысы мен Шымкент, Алматы, Астана қалаларынан және Түркия мемлекетінен жалпы 128 пікірсайысшы бақ сынасты. Турнир дәстүрлі жоғары студенттер лигасы және 1 курс студенттерінен құралған жастар лигасы арасында өтті. Сонымен қатар, биыл республикалық турнирде алғаш рет мектеп лигасы қатысты. Оған 40 фракциядан 80 оқушы сайысқа түсті. Тартысты турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйақы мен қазақ тіліндегі үздік кітаптар сыйға берілді.