Шымкент: Волонтерлар қозғалысы орталығы ашық есік күнін өткізді

0
1 540

​Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында волонтерлар қозғалысының орталығы құрылып, еріктілер үшін арнайы ашық есік күні ұйымдастырылды.


Шымкент: Волонтерлар қозғалысы орталығы ашық есік күнін өткізді

Еріктілер қозғалысының орталығы құрылып, волонтерлар үшін ұйымдастырылған ашық есік күніне ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері, орта арнаулы оқу орындарындағы «Достық» студенттік клубтарының мүшелері, этно-мәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының төрағалары мен мүшелері, өзге де белсенді жастар қатысты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашық есік күні шеңберіндегі міндеттер мен еріктілер орталығының мақсаттары жөнінде Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бағдагүл Байтешова баяндады.

"Бұл орталық ҚАХ еріктілер қызметі мәселелерін ұйымдастыру мен үйлестіруді, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалысудың бірыңғай алаңын құруды көздейді. Арнайы дайындалған тұжырымдамаға сәйкес, волонтерлық қызметтің бірыңғай форматы түзілді. Олар әлеуметтік, білім беру, спорт және медиация салалары бойынша 4 бағытты қамтиды",- деді Б.Байтешова.