ШЫМКЕНТ: Ынтымақ-2 шағын ауданы ауыз су және сапалы электрмен қамтылды

0
335

Алдағы уақытта 89,2 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталады.


ШЫМКЕНТ: Ынтымақ-2 шағын ауданы ауыз су және сапалы электрмен қамтылды

Шымкент қаласы Ынтымақ-2 шағын аудан тұрғындары ауыз су және сапалы электрмен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау қала әкімдігінің басты бағыттарының бірі. «Ынтымақ»-2 шағын ауданынының тұрғындарымен болған кездесуде осылай айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһар тұрғындарының барлық маңызды салалардағы мәселелері рет-ретімен шешімін тауып келетінін жеткізді.
Өткен жылдың соңында 11 мыңнан астам халқы бар Ынтымақ-2 шағын ауданы таза ауыз сумен қамтылып, сапалы электр жарығына қосылған болатын. Алдағы уақытта 89,2 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Келер жылдың соңында құрылысы аяқталып, шағын аудан тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді.
Абай ауданында 34 шағын аудан мен тұрғын алап, онда 323 мыңға жуық тұрғын бар. Өткен жылы аудандағы 49 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы 10 жылда аудандағы 219 аулаға балалардың ойын алаңы мен 50 спорт алаңы салынды. 2021 жылы 41 аулаға балалар алаңы мен 8 спорт алаңы салынды.