ШЫМКЕНТ: Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгермейді

0
1 056

Алдағы уақытта қаладағы үлкен даңғылдардың біріне Абылай хан атауы берлетін болады.


ШЫМКЕНТ: Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгермейді

Шымкент қаласындағы Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгертілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар мәлімдеді.

Әбдіжаппар Сәкенұлының айтуынша, Республика даңғылынан бастау алатын Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгеріссіз қала бермек. Тиісінше, көше атауларының қайталанбауын қамтамасыз ету үшін қала аумағына кейіннен қосылған Абай ауданы «Игілік» тұрғын алабындағы Ю. Гагарин көшесін – «Айсакөл» және Еңбекші ауданы «Жұлдыз» тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – «Асубұлақ» деп өзгертуге ұсыныс тасталған.

Сонымен қатар, алдағы уақытта қаладағы үлкен даңғылдардың біріне Абылай хан атауы берлетін болады.