ШЫМКЕНТ: зерделеу нәтижесінде қалада қосымша 2 бағыт ашылады

0
295

Бұл бағыттар 2 ай көлемінде пилоттық режимде іске қосылады.


ШЫМКЕНТ: зерделеу нәтижесінде қалада қосымша 2 бағыт ашылады

ERNUR.KZ. Ертең, 1 ақпаннан бастап Шымкентте тұрақты маршруттар қатары №3 пен №4 бағыттармен толығады.


Жоспарлы кешенді схемаға сәйкес №3 бағыттағы автобустар Тұран, Шымсити шағынаудандары мен Рысқұлов көшесі аралығына айналма маршрутта тасымалдау қызметін көрсетеді. Қоғамдық көліктің кесте саны 16, ал аралық жиілігі орташа есеппен 15 минутты құрайды.


Ал №4 бағыттағы қоғамдық көліктер Оңтүстік шағын ауданынан «Жабық» базарына дейінгі аралықта қызмет көрсетеді. Автобус саны – 5, аралық интервалы – 15 минут.

Айта кетейік, бұл бағыттар 2 ай көлемінде пилоттық режимде іске қосылады.

Бүгінде қала аумағында күнделікті 77 тұрақты маршрут бойынша 915 автобус тасымалдау қызметін көрсетуде.