ШЫМКЕНТ: Жалғызілікті қарияларға ай сайын әлеуметтік төлемдер жүргізіліп жатыр

0
659

Одан бөлек, мереке және атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы төлемдер есеп шоттарына аударылады.


ШЫМКЕНТ: Жалғызілікті қарияларға ай сайын әлеуметтік төлемдер жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында жалғызілікті қарияларға ай сайын әлеуметтік төлемдер жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты бағыттарының бірі ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы орайда 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлемдер жүргізіліп отыр. Одан бөлек, мереке және атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы төлемдер есеп шоттарына аударылады. Жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 125 жалғызілікті қария бар.
Биыл қалалық маслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында ардагерлер мен зейнеткерлерді санаторлық-курорттық мекемелерге, атап айтқанда «Денсаулық», Түлкібас аудандынағы «Ақсу-Жабағылы», Тараз қаласындағы «Айша бибі» шипажайларына 5 194 азаматқа жолдама берілді.
2 500 ардагерге тегін басылымдарға («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» журналы) жазылды.