ШЫМКЕНТ: Жаңаталап елдімекеніне сапалы ауыз су берілді

0
697

Жыл соңына дейін 9 елдімекендегі ауыз су мәселесі шешіледі.


ШЫМКЕНТ: Жаңаталап елдімекеніне сапалы ауыз су берілді

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде ауыз су мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған елдімекенді тіршілік нәрімен қамту құрылысы мердігер мекеме «СМКиЖ-7» тарапынан жүргізілді. Шалғайда орналасқан елдімекенде барлығы 1700 тұрғын үйге арналған құрылыс жұмысы аяқталған.
Қазіргі уақытта 1000 үйге су есептегіш құрылғы орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы басталды. Жыл соңына дейін 9 елдімекендегі ауыз су мәселесі шешіліп, көрсеткіш 95,6% -дан 98 %-ға өсетін болады.