ШЫМКЕНТ: Жаңаталапта Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті

0
448

Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, саналы ұрпақ тәрбиелеу, адам капиталын дамыту мәселелері талқыға түсті.


ШЫМКЕНТ: Жаңаталапта Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті

Шымкент қаласының Абай ауданы Жаңаталап тұрғын алабында Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«AMANAT»партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты М.Жолдықожаев Жолдаудағы басым бағыттарды атап берді.

Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, саналы ұрпақ тәрбиелеу, адам капиталын дамыту мәселелері талқыға түсті.

Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Оразәліұлы еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және жаңа технологияға негізделген экономика құру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына жәнеЖолдауда айтылған 5 бағдарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Жиын барысында елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту, жолдардың сапасын арттыру мәселелері қозғалды.

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты қалыптастыру арқылы азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

Сонымен қоса, ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.

Шымкенттегі №137 жалпы орта мектеп базасында өткен жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ш.Қозыбақов қатысты.

Басқосу барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы насихатталып, ондағы саяси және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары жайында сөз қозғалды.