ШЫМКЕНТ: «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысы өтті

0
1 017

Сайысқа этностық топ өкілдері санатындағы жастар қатысып, қазақ тіліндегі көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті.


ШЫМКЕНТ: «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысы өтті

Бүгін Шымкент қаласының «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайысқа этностық топ өкілдері санатындағы жастар қатысып, қазақ тіліндегі көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті, классик ақындарымыздың топтамаларынан өлеңдер оқып, поэмаларынан үзінділер келтірді.
Жоба қатысушыларының өнерін сарапқа салған қазылар алқасы жоба қатысушыларының дайындығын, қазақ тіліндегі сөз саптауын, әдеби тілді меңгеруін, көркемсөз оқу шеберлігін, шығармашылық таным-білігін бағалап, үздік шыққандарын анықтады.
Қазылар алқасының ұйғарымымен «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары болып І-дәрежелі дипломмен – Mohd Farhad Aoub, ІІ-дәрежелі дипломмен – Рахметова Рухшона, ІІІ-дәрежелі дипломмен – Махаматкулова Дилмира марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.