ШЫМКЕНТ: Жарылыс кезінде зардап шеккен жігіт көз жұмды

0
1 186

Жарылыстан зардап шеккен азамат өте ауыр халде Шымкенттегі Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының жансақтау бөліміне келіп түскен.


ШЫМКЕНТ: Жарылыс кезінде зардап шеккен жігіт көз жұмды

Шымкентте жарылыстан денесі 98 пайыз күйік шалған азамат жүргізілген ем шараларға қарамастан көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарылыстан зардап шеккен азамат өте ауыр халде Шымкенттегі Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының жансақтау бөліміне келіп түскен. Астана, Алматы қалаларынан санавиациямен жеткен білікті мамандар науқасқа қарап, емдом жүргізген. Дәрігерлер тарапынан емдік шаралары толықтай келісілген түрде жүргізілген.

«Келген кездегі диагнозы термиялық күйік от шалудың ауыр дәрежесі болатын. Дененің 98 пайызы 3-ші және 4-ші дәрежелі күйік шалған. Жүргізілген емдомға қарамастан 11 маусым күні 18:10-да жүрек соғуы тоқтады", - деді Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының Бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы, Тассай ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында орналасқан жанар жағармай құю бекетінің маңында жарылыс болып, өрт шыққан болатын. Салдарынан 20 жастағы жігіт күйіп қалған еді.