ШЫМКЕНТ: Жасанды жолмен бала көтергендерді емдейтін орталық ашылды

0
1 835

Өткен жылы бұл перзентханада 3 500-ден астам ана нәрестелі болған.


ШЫМКЕНТ: Жасанды жолмен бала көтергендерді емдейтін орталық ашылды

Шымкентте эко арқылы бала көтерген әйелдерді емдейтін бөлімше ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасында жүкті әйелдерді емдеуге арналған патология бөлімшесі ашылды. Орталық жұмысының жас аналар үшін маңызы зор. Онда дәрігерлер жүктіліктің 34 аптасынан бастап, жүкті келіншектерді түрлі патологиялар бойынша бақылауда ұстайды.

Жаңадан ашылған бөлімшеде ЭКО арқылы жүкті болған, мерзімінен асқан жүктілік, артериалдық гипертензияның орта дәрежесі, жеңіл преэклампсия, анемияның ауыр дәрежесі, гестациялық қант диабетінің компенсация сатысында жүкті келіншектірді емдейді.

Ал, ең бастысы – медицина ұйымы толығымен заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, жаңадан ашылған бөлімшеде перзетханаға дейін келіншектер ем қаблыдайды. Ауруханаға қарасты перзентханада зертханалық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, қабылдау бөлімінде шұғыл шақырылым жүйесі орнатылған. Бұл бойынша науқасқа қажет болған мамандар жедел шара қабылдауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, өткен жылы бұл перзентханада – 3 500-ден астам ана нәрестелі болған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 751 босануға артық.

дереккөз: Шымкент қаласы ДСБ баспасөз қызметі