«Шымкент жастар лигасы»: Арнаулы оқу орындары арасында жеңімпаз анықталды

0
598

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, бүгін командалар волейбол спорт түрінен бақ сынасты.


«Шымкент жастар лигасы»: Арнаулы оқу орындары арасында жеңімпаз анықталды

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында орта арнаулы оқу орындары арасында жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, бүгін волейбол спорт түрінен Шымкент жоғары педагогикалық колледжі мен М.Сапарбаев институтының "Парасат" колледжі командалары бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде Шымкент жоғары педагогикалық колледжі командасы жеңімпаз атанып, 1-орынға ие болды.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілуде.