«Шымкент жастар лигасы»: Волейболдан іріктеу кезеңі аяқталды

0
832

4 команда финалдық кезеңге жолдама алды.


«Шымкент жастар лигасы»: Волейболдан іріктеу кезеңі аяқталды

«Шымкент жастар лигасы» жобасы Еңбекші ауданына қарасты жалпы білім беру мектептерінде волейбол ойынынан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қыздар арасында өткен спорттық ойында 4 команда финалдық кезеңге жолдама алды.

Волейбол ойыны кезеңі бойынша жеңімпаз командалар:
А тобынан - «№134 жалпы орта білім беретін мектебі»
Б тобынан - «Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі»
С тобынан - «Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы»
Д тобынан - «Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы»
Еске сала кетейік, жастар лигасы әр аптаның сенбі күндері бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес өтуде.