Шымкент жастар лигасы: Волейболдан қыздар арасында жарыс өтті

0
821

Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеге сәйкес, спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.


Шымкент жастар лигасы: Волейболдан қыздар арасында жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты - мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау.
Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеге сәйкес, спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.
Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынан қыздар арасында тартысты ойын өтті. Атап айтқанда:
Әл-Фарби ауданы бойынша:
1. [А-тобы] - №47 мектепте - №17 және №47, № 9 және №11;
2. [В-тобы] - №18 мектепте - №8 және №18, №14 және №35;
3. [С-тобы] - №64 мектепте - №76 және №75, №6 және №76;
4. [Д-тобы] - № 62 мектепте - №1 және №62, №20 және №7.
Абай ауданы бойынша:
1. [А-тобы] - №86 мектепте - №5 мен №81, №87 мен №50;
2. [В-тобы] - №133 мектепте - №78 және №3, №122 және №26;
3. [С-тобы] - №137 мектепте - № 66 және №95, №95 және №137;
4. [Д-тобы] - №23 мектепте - №136 және №56, №125 және №60.
Айта кетейік, өткен жылы «Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысты. Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды. Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылды.