​"Шымкент жастар лигасы" жеңімпаздарына автокөлік табысталды

0
1 180

Жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.


​

"Шымкент жастар лигасы" жеңімпаздарына автокөлік табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Тәрбиелі, білімді, алғыр әрі дені сау ұрпақ – еліміздің ең қымбат байлығы. Жастардың оқуымен қатар, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне аса назар аударды.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамысымен, жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Шымкент жастар лигасы» басталған болатын.
Биыл үшінші рет өткізіліп отырған шарада 6 мыңға жуық спортшы, яғни 138 мектептен 514 команда қатысып, футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан бақ сынамақ.
ІІІ маусымның ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жүлде демеушісі “Энергоорталық-3” АҚ бизнес-серіктесі Ш. Нуртаева мен корпорация менеджері Ш.Нысамбекова, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Рәсімді салтанатты түрде ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан:
- Шымкент жастар лигасы — республика бойынша үздік жоба атанып, кең қолдауға ие болды. Бұл жоба жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізеді. Спорт денсаулықтың ғана кепілі емес, ол адамды табандылық пен күрескерлікке баули отырып, ерік-жігерін шыңдай түседі.
Құрметті жастар! Бүгінде мемлекет Сіздердің сапалы білім, саналы тәрбие әрі бәсекеге қабілетті азамат болып өсулеріңізге қолайлы жағдай жасап отыр.
Тек спортта ғана емес, ғылымда, өнерде және өзге салаларда жүзден жүйрік атанып, еліміздің абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспін! Бүкіл еліміз сіздерден зор үміт күтуде,-дей келе жастарды білім алумен қатар салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Бүгін ІІІ маусымның салтанатты ашылуында ІІ маусымның жүлдегер мектептері марапатталды. Жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.
Айтып өтейік, былтырғы додада Шахмат бойынша 4 ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысып, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;
Баскедболдан 122 команда, жалпы 1464 оқушы бақ сынасып, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы;
Ал волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;
Футболдан 133 құрама команда ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы І-орындарды иеленген болатын.