«Шымкент жастар лигасы» жобасы басталды

0
2 812

Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


«Шымкент жастар лигасы» жобасы басталды

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ерлан Айтбаев және қалалық Дене шынықтыру жəне спорт басқармасы бұқаралық спорт жəне инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мұхтар Шаханов «Шымкент жастар лигасының» ережесімен жан-жақты таныстырды.


«Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Е.Айтбаевтың айтуынша, аталған жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылады.

Осы мақсатта барлық мектептерден футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен лигалар және оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылады. Әрбір команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталады.

Лига 2021 жылғы наурыз-маусым айлары аралығында 2 кезеңде өткізіледі.
І кезең наурыз-мамыр айлары аралығында әр ауданның мектеп командалары арасында 4 топқа бөлініп өтеді. Нәтижесінде әрбір спорт түрінен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан қалалық жарысқа 16 командаға жолдама беріледі.


ІІ кезеңде 16 команда арасында 1/8 финалдан бастап, 1/4 финал, 1/2 финал, финалдық ойындармен жеңімпаз командалар анықталады.

Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.