«Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындары мамырда өткізіледі

0
783

Жарысқа 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда.


«Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындары мамырда өткізіледі

«Шымкент жастар лигасы» спорттық жарысы II-рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Жарыстың негізгі мақсаты - мектеп оқушалырының бос уақытын тиімді пайдаланып балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.

«Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 141 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда.
Атап айтқанда, Абай ауданында - 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында - 40, Қаратау ауданында – 38.Осы спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.
Бүгінгі күнде футболдан Еңбекші ауданында 37 команданың қатысуымен 3 - тур ойындары өткізілді. Қазіргі уақытта, 3- тур нәтижесі бойынша А- тобында №134 мектеп, Б –тобында 105 мектеп, С-тобында 65 мектеп, Д-тобында 40 мектеп көш бастап тұр.
Волейболдан Абай ауданы командалары арасындағы ойындар аяқталды. Ойын нәтижесінде А-тобында №50 мектеп, Б-тобында №118 мектеп, С-тобында №23 мектеп, Д-тобында №54 мектеп 1 орынға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алды.
Осыған қоса, Әл-Фараби командалары арасындағы ойындар аяқталды. Ойын нәтижесінде А-тобында №1 мектеп, Б-тобында №7 мектеп, С-тобында №129 мектеп, Д-тобында №64 мектеп 1 орынға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алды.
Баскетболдан Әл-Фараби ауданы бойынша ойындар өз мәресіне жетті. Атап айтқанда, А-тобында №1 мектеп, Б-тобында №47 мектеп, С-тобында №9 мектеп, Д-тобында №8 мектеп 1-орынға ие болып, финалдық кездесуге жолдама алды. Қазіргі уақытта, Абай ауданында баскетболдан 3 – турдың нәтижесінде А-тобында №55 мектеп, Б-тобында 136 мектеп, С-тобында 87 мектеп, Д-тобында 133 мектеп көш бастап тұр. Қаратау, Еңбекші аудандарында ойындар сәуір айында басталады.
Спорттың шахмат түрінен Абай, Қаратау, Әл-Фараби аудандарында іріктеу кезеңдері аяқталды. Нәтижесінде Абай ауданында №87, №23, №2 дарын, №50 мектеп, Әл-Фараби ауданында №9, №1, №47, №45 мектеп, Қаратау ауданында №68, №89, №88, №69 мектептер жеңіске жетіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта Еңбекші ауданында шахмат ойындары сәуір айында өткізіліп жолдама алатын 4 команда анықталатын болады.
«Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындарын мамыр айында өткізіп, жеңімпаздарды анықтау жоспарлануда.