«Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі өтіп жатыр

0
638

Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады.


«Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі өтіп жатыр

«Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезекті сайыс З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде өтті. Қыздар арасындағы волейболдан № 4, №56, №23, №118 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыста №4 және №23 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды.
"Бүгінгі жарысқа жақсы дайындықпен келдік. Барлық ойында үздік нәтижеге жетеміз деген ойдамын. Жаттықтырушымыздың үздіксіз еңбегінің арқасында қарсылас команданы жеңеміз деп келдік, - деді №23 мектеп-лицейінің команда ойыншысы Маржан Сәуірбай.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Лига командаларын қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталды.