«Шымкент Жастар Лигасы»: Жоғары оқу орындары арасында спорттық ойындар өтті

0
982

Жоғарғы оқу орындары арасында футболдан және волейболдан командалар жарысқа түсті.


«Шымкент Жастар Лигасы»: Жоғары оқу орындары арасында спорттық ойындар өтті

«Шымкент Жастар Лигасы» жобасының екінші кезеңінің жоғары оқу орындары арасында спорттық ойындар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның мақсаты - жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілуде.

Аталған жобаға жалпы білім беру мекемелердің тарапынан қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен және фан-клубтан, 143 мектептен, 7 жоғары оқу орындары мен 30 орта арнаулы оқу орындары жасақталып, қатысуға өтінім келіп түскен.

Бүгін жоғары оқу орнының құрама командаларын қолдап жігерлендіру мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық бөлім басшысы Мақсат Орынбаев және Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев қатысты.

Сондай-ақ бүгін жоғарғы оқу орындары арасында футболдан және волейболдан командалар жарысқа түсті. Жарыс барысында футбол спорт түрінен жоғары оқу орындары арасында 1 кезең өткізілді, алдағы уақытта 2 кезеңі өткеннен соң нәтижесі белгілі болатын болады. Ал волейболдан қыздар арасында финалдық ойын өз мәресіне жетті.