ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

0
533

Аталған кездесуге «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.


ШЫМКЕНТ: Жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді

Шымкент жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың «Діни танымдығын арттыру» бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараның мақсаты - жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Аталған кездесуге Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Кеңесұлы және «Парасат» колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық» пен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, студенттермен кері байланыс орнатылды. Іс-шара барысында студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Терме – нақыл өсиет» тақырыбында талантты жастардың қатысуымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.
Аталған кездесудің мақсаты – жастардың бір-бірімен өзара байланысы мен қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, ұмыт болған салт-дәстүрлерді жаңғыртып, оларды жастар арасында кеңінен насихаттау.
Шығармашылық кездесу барысында талантты жастар қазақ салт-дәстүр өнерінде кеңінен қолданылып келе жатқан, лирикалық өлеңнің бір түрі – терменің шығу тарихын баяндап, бірнеше жыраулардың термелерін орындады.
Айта кетейік, жастар арасында мұндай кездесулер қаламыздағы оқу орындарында аға буынның қатысуымен тұрақты түрде өтіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.