ШЫМКЕНТ: Жастарға берілетін тұрғынжайларға өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

0
1 159

Шымкент қаласының әкімдігі аталған науқаның маңыздылығын ескерген.


ШЫМКЕНТ: Жастарға берілетін тұрғынжайларға өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Жастар жылы аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларғаөтінімдер қабылдау күндері ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының әкімдігі аталған науқаның маңыздылығын ескеріп, тиісті комиссия жұмысын сенбі, жексенбі күндері де жалғастыратын болды.

Баспаналы болуға ниетті жастар қажетті құжаттарды 30 қараша және 1 желтоқсан күндері сағат09:00 мен 19:00 аралығында Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12а мекен-жайына өткізе алады.

Толық ақпаратты shymkent.gov.kz сайты немесе 24-74-85 телефоны арқылы алуға болады.