ШЫМКЕНТ: жастарға нашақорлық пен есірткі турасында құқықтық кездесу өтті

0
167

Шарада қоғам арасындағы ең өзекті мәселенің бірі – есірткі қылмысы мен нашақорлық, оған қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысы талқыланды.


ШЫМКЕНТ: жастарға нашақорлық пен есірткі турасында құқықтық кездесу өтті

Шымкент қаласының «Азимед колледжінде» оқу орнының студенттеріне арнап «Оқушылар мен студенттер арасындағы нашақорлық және олардың есірткінің заңсыз айналымына қатысу мәселелері» тақырыбында құқықтық кездесу өтті.

Оған Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кеңес Сержан Абзалұлы, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Пернебаева Гулнар Ниязметовна, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Палхожаева Гулмира Мұхтарқызы қатысты.
Шарада қоғам арасындағы ең өзекті мәселенің бірі – есірткі қылмысы мен нашақорлық, оған қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысы талқыланды.
Сала мамандары өз бағыттары бойынша жастарға толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға және бос уақытын тиімді пайдаланып жан-жақты дамуға шақырды.
Мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
Сонымен қатар, кездесу барысында мамандар жастарға зиянды заттардың қауіптілігі, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Адамның өмірі мен денсаулығы, құқықтары мен бостандығынан асқан ешқандай қымбат дүниелердің жоқтығын атап өтіп, қауіпсіз қоғам құру еліміздің әрбір азаматының міндеті екеніне тоқталды.
Колледж әкімшілігі өсіп келе жатқан ұрпақты ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде қосқан үлестері үшін шақырылған қызметкерлерге алғыстарын білдірді.
Бөлісу