Шымкент жастары есірткі жарнамаларының көзін жойды

0
1 407

Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының активистері нашақорлыққа қарсы акциясын өткізді.


Шымкент жастары есірткі жарнамаларының көзін жойды

Шымкент көшелерінде орналасқан үйлердің қабырғаларына синтетикалық есірткі заттарын сатуға бағыттайтын интернет сілтемелерін жарнама суреттері пайда бола бастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жарнамаларды кез келген адам елей бермеуі мүмкін. Көп адам олардың мәнін түсіне бермейді. Ал оның мағынасын білетіндер жазуларды өшіріп тастауға тырысады.

Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының активистерімен есірткі жарнамаларын жазып кеткен орындарды анықтап, оларды өшіру үшін бірлесіп қаланың көшелеріне шығып, өз қаражаттарына сатып алынған бояулармен өшіріп шықты. Үй қабырғаларына есірткі жарнамасын салып кеткен суреттерді бірден өшіру тек жергілікті орындаушы органдардың рұқсаты ғана емес сол үйде тұрып жатқан үй егелерінен рұқсатын сұрап жатты. Кейбір үй егелері өз келісімін беріп жатса кейбір үй тұрғындары өз келісімдерін беруден бас тартып бірқатар қиындықтар тудырған.

Аталған акция өмірден барлық жаман жақсының дәмін тартып көруге дайын және кез келген нәрсеге тез икемді болатын өсіп келе жатқан жастарды есірткі заттарынан аластату мен теріс ой қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты акцияларды жиілетіп жасауды жоспарлап отырмыз. Себебі есірткі заттарын алу қол жетімсіз болу қажет.

Қазіргі таңда интернет жүйесі арқылы алып-сату процесінде саудагерде, оны сатып алушыда бір-бірін көрмейді. Интернет арқылы берілген тапсырыс, тауарды белгілі бір орыннан алып кетеді. Әдетте тауар адамдардың ойына келмейтін орындарға жасырылады. Бұл подьезд маңы, қоқыс жәшіктері, үйдің айналасы болуы мүмкін. Есірткі оралған қорап не түйіншекті жерге көміп қояды немесе ағаш діңіндегі саңылауларға тығады. Сатып алушылар есірткі орнын дәл табуы үшін сатушы сол жердің суреті мен геолокациясын жібереді.

Үйлердің сыртындағы жарнама суреттерде көрсетілген тапсырыс беретін сайттар да кәсіби түрде жұмыс істейді. Онда қала және доза түрлерін таңдау мүмкіндіктері қарастырылған, сатып алушылардың пікірлері де бар, сұрақ қоюға да болады. Сайт иелері тауарды сатып алудың түрлі тәсілдерін ұсынады: онлайн, мобильді қосымша немесе терминал арқылы сатып алу. Бұған қоса, онда жаңа қызметкерлерді жұмысқа алып жатқаны туралы ақпарат та бар. “Өткізуші” немесе “граффит-трафаретші” ретінде жастарды шақырған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен аталған жарнамаларды өшірумен ғана шектелмей, оларды IT-қызметкерлерінің көмегімен сатушы тұлғаларды анықтауға және интернет жүйесінен бұғаттауға тиісті жедел жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген тиімді жедел іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Шымкент қаласының 29 жасар азаматшасы Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық күдігімен ұсталып, одан жалпы саны 1546 таблетка және 2 пластикалық қорапшаларға салынған ұнтақ синтетикалық психотроптық затына ұқсас заттары тәркіленіп алынды. Сот сараптамасының қортындысына сәйкес, жалпы салмағы 407,6079 грамм N-митил-3-4-митилендиоксиамфетамин (МДМА-экстази) психотроптың заттың, жалпы салмағы 98,3593 грамм 4-митилметкатинон (PVP) психотроптық заттың тектесі және жалпы салмағы 72,4937 грамм меткатинон (Эфедрон) психотроптық заттың тектесі екендігі анықталды.