Шымкент: Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жөндеу жұмыстары аяқталды

0
2 652

Биыл спорт ғимаратының шатыры, жеңіл атлетикалық жабындысы, сыртқы және ішкі ғимараттарының жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Шымкент: Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл спорт ғимаратының шатыры, жеңіл атлетикалық жабындысы, сыртқы және ішкі ғимараттарының жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Нысанды аралап көрген қала әкімі бұл сала бойынша шаһарда жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
– Бүгінде қала аумағында спорт алаңшалары жоқ тұрғын алаптар мен шағынаудандарда спорт алаңшалары, тренажерлер мен «Street workout» алаңшаларының құрылысы жүргізілуде. Қалада спорт мектептерінің желісі кеңеюде, спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны артуда, кадрларды даярлау жақсарып келеді, - деді М. Әйтенов.
Шаһар басшысы қаланың жеңіл атлетика құрамасының дайындығын тамашалап, сәттілік тіледі.