​Шымкент: Жол картасы аясында 1,8 млрд теңге үнемделген

0
875

Қазір 9 айда нақты 642 млн. теңге төлем өндіріп алып, жылдық жоспар 65 пайызға орындалып отыр.


​Шымкент: Жол картасы аясында 1,8 млрд теңге үнемделген

Шымкент қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушысы Нұрбол Құлымбет отандық өнімдерді инвесторлық қорғау, бизнеске салықтық жеңілдіктер мен көлеңкелі экономика шараларын жүзеге асыру бойынша тікелей эфирде сұхбат берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

– Есепті мерзімде басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алулар бойынша веб-порталда жалпы 1017 конкурс жарияланды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында арнайы тәртіппен өткізілетін конкурс тәсілімен 225 конкурс 40,1 млрд теңгеге жарияланып, жеңімпаздар 38,2 млрд теңгеге анықталды. Нәтижесінде, 1,8 млрд теңге үнемделді, – деді Нұрбол Әбілқасымұлы.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, шетелдің арзан әрі сапасыз тауарлары отандық өнім ретінде ұсынылып, сатып алу конкурстарында жеңіп шығатын кездер жиі болады. Осыған байланысты реттелетін барлық сатып алуларды ашық және «Бір терезе» арқылы жүзеге асыру жұмыстары бойынша жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы бірігіп, алдағы 3 жылда сатып алынатын заттар, тауарлар мен қызметтердің бірыңғай тізімін қалыптастыруда.

Шымкент қаласында 9 айдың ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшiн бюджетке 642 млн. теңге төленген. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінш биыл қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемдер түсімі 976 млн. теңге көлемінде жоспарланған. Қазір 9 айда нақты 642 млн. теңге төлем өндіріп алып, жылдық жоспар 65 пайызға орындалып отыр.

Өсы уақыт ішінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін басқармаға 568 өтінім материалдары тапсырылған.464 өтінім бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді. Ал, 108 өтінім кері қайтарылған. Тағы 10 өтінімнің орындалу мерзімі әлі аяқталмаған.

Басқарма мамандары мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде тұрақты түрде қоғамдық тыңдау ұйымдастырып отырады. Бұл басқарманың қоғаммен кері байланысын нығайтып, экологиялық ахуалды оңалтуға ықпал етеді. Биылғы жылдың 9 айында осындай 14 қоғамдық тыңдау өткізіліп, тиісті хаттамалар түзілген.