ШЫМКЕНТ: «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жаңа форматта өтеді

0
1 232

Қала тұрғындары мен қонақтары барлық сұрағына жауап ала алады.


ШЫМКЕНТ: «Жолда қабылдау» республикалық акциясы жаңа форматта өтеді

Шымкентте «Жолдағы қабылдау» республикалық ациясы республикалық ациясы Шымкент қалалық ПД-нің фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 18-19 қазан күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейінгі уақытта «Жолдағы қабылдау» республикалық ациясы өтеді.

Сондай-ақ, аталған акция барысында Әкімшілік полиция басқармасы, Көші-қон қызметі, Жол-техникалық инспекциясы, Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі, Криминалдық полиция басқармасы және Шымкент қ. ПД-нің басқа да бөліністерінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарының барлық сұрақтарына жауапбереді.


«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтетін орындар:

Жолдарда:

1) Шымкент қ. ПД Еңбекші АПБ-ның фронт-кеңсесінде (Шымкент қ. Елшібек батыр №110 А);

2) Шымкент қ. ПД Әл-Фараби АПБ-ның фронт-кеңсесінде (Шымкент қ. Желтоқсан көшесі №3);


Аулаларда:

1. «Обелиск» бекетінде (Төреқұлов - Рысқұлбеков көшелері қиылысында орналасқан);

2. «Жаңа шахар» бекетінде (Мангельдин - Темірлан тас жолы көшелері қиылысында орналасқан);

3. «Гагарин» бекетінде (Кремлевская - Гагарин көшелері қиылысында орналасқан);

4. «Асқаров» бекетінде (Асқаров көшесі бойындағы "Москва" түнгі клубының алдында орналасқан );

5. «Ынтымақ» бекетінде (Ахунбабаев көшесі бойындағы Ынтымақ" тойханасы алдында орналасқан);

6. «Бадам» бекетінде ("Бадам" өзені маңында орналасқан);

7. «Көл» бекетінде (Ташенов көшесіндегі "Көл" аялдамасы маңында орналасқан);

8. «Гарант» бекетінде (Байтұрсынов - Тәуке хан көшелерінің қиылысында орналасқан);

9. «Имран» бекетінде (Тәуке хан - Қонаев гүлзары көшелерінің қиылысында);

10. «Орталық саябақ» бекетінде (Қазыбек би - Майлы қожа көшелерінің қиылысында);

11. «Тәуелсіздік» бекетінде (Тәуелсіздік саябағында орналасқан);

12. «Доня» бекетінде (Уәлиханов көшесі бойында орналасқан);

13. «Теріскей» бекетінде (Рысқұлов көшесі бойында орналасқан);

14. «Көктем» бекетінде (Жібек жолы көшесі бойында орналасқан );

15. «Евразия» бекетінде (Рысқұлов көшесі бойындағы "Евразия" базары маңында орналасқан).

Сонымен қатар, 8-72-52-30-10-30 нөмірі бойынша колл-орталық жұмыс атқарады.