ШЫМКЕНТ: Жомарт жандар 150 балаға қуаныш сыйлады

0
1 184

Игі іс-шара Әл-Фараби ауданындағы «Наурыз» алаңында өтті.


ШЫМКЕНТ: Жомарт жандар 150 балаға қуаныш сыйлады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының және жомарт жандардың ұйымдастыруымен «Наурыз» алаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек, жетім, тұл жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жомарт жандар демеушілік жасап, 150 балаға қуаныш сыйлады. Атап айтсақ, 150 балаға жаңа оқу жылына сөмке, кеңсе заттары табысталса, оның ішінде 30 балаға мектепке арналған киім кешек берілді.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасына «Қырғы базар», «СҮ Береке», «Royal Club fitnes centre», «Стамбул мейрамханасы», «АО Химфарм», «АО Визит», « СҮ Имран» басшылары демеушілік жасаған. Алдағы уақытта да қайырымдылық шарасы өз жалғасын табатын болады.