​Шымкент жылу бағасы ең қымбат өңір болып анықталды

0
1 886

Шымкент орталық жылу жүйесі мен көмір бағасы үшін ең көп ақша төлейтін өңір болып тіркелді


​Шымкент жылу бағасы ең қымбат өңір болып анықталды

ERNUR.KZ. Шымкент орталық жылу жүйесі мен көмір бағасы үшін ең көп ақша төлейтін өңір болып тіркелді, деп жазады Tengrinews.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, жалпы Қазақстан бойынша газ бен жылу жүйесі бағасы бір жылда 4 пайызға қымбаттаған, ал көмір мен отын 18 және 9 пайызға қымбаттаған.

"Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Табиғи газдың да бағасы қымбаттады. Бір жылда 4,2 пайызға қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Бір жылда 17,5 пайызға қымбаттап кеткен. Ал отынның текше метрі 9,3 пайызға қымбаттап, 6 мың теңгеге жеткен.