Шымкент жылу маусымына толық дайын

0
269

Тозығы жеткен жүйелер бойынша 48 жылу учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1,9 млрд. теңге бағытталды.


Шымкент жылу маусымына толық дайын

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз етуші негізгі кәсіпорын – «Қуатжылуорталық-3» АҚ-ын қысқы маусымға дайындық жұмыстары толығымен атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары 419,3 шақырым болатын жылу жүйелері, 12 жылу қазандығы, 17 сорғы станциясы бойынша жүргізіліп, олардың қалыпты қызмет атқаруы мамандар бақылауынан өтті.
Турбоагрегаттар, жылу қазандықтары, трансформаторлар техникалық бақылаудан өткізіліп, жылу қазандықтарының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті қосалқы жабдықтар алынды.
Тозығы жеткен жүйелер бойынша 48 жылу учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1,9 млрд. теңге бағытталды. Қазір тиісті жұмыстардың барлығы атқарылып, жылу жүйелері халыққа қызмет көрсетуге толық дайын.
Бұл мәселеде тұрғындар мына мәселеге мұқият қарауы қажет. Жылу беруші ұйым – көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесіне дейін келетін жылу жүйесіне ғана жауап береді. Тұтынушымен жасалған келісімшартқа сәйкес, құбырдың элеваторлық торапқа немесе автоматикалық жүйеге дейін келетін бөлігінде жылудың қажетті температурада болуын ұйымдастырады. Әрі қарай жылу жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне пәтер иелері өздері жауапты.
Тұрғын үйдің жылу жүйелерінің тозуынан, құбырлардың тиісті талаптарға сәйкес сығымдаудан өткізілмеуінен немесе жылу радиоторларының тот қалдықтарымен тығындалып қалуынан құбырларда жылу температурасы сақталмауы мүмкін.