Шымкент Зообағында ірі көл пайда болады (видео)

0
3 199

Қазірге жоба ретінде жасалған дүние қалалықтардың ең сүйікті демалыс аймағына айналады, дейді Шымкент қалалық Зообақ қызметкері.


Шымкент Зообағында ірі көл пайда болады (видео)

Шымкент Зообағында үлкен көл аймағы пайда болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елімізде жалпы 3 зоосаябақ болса, соның бірі әрі бірегейі үшінші мегаполис Шымкентте орналасқан. Соңғы жылдары мұнда қайта құру жұмыстары басталған болатын. Бұл бақтың өзге зообақтардан ерекшелігі қайта құрудан соң пайдалануға берілген «Африка» контингентіндегі павильондар ашық табиғи ортаға бейімделген.

Алдағы уақытта зообақ аумағынан ірі көл аймағы жасалып, онда су асты жануарлары мен құстар жіберілетін болады.