Еліміздің бас онкологы Шымкентке келді

0
1 358

​Еліміздің бас онкологы м.ғ.д. Ұ.Ғ.А. академигі Диляра Қайдарова медициналық ұйымдағы құрылымдық бөлімшелерді аралап шықты.


Еліміздің бас онкологы Шымкентке келді

Шымкентке іссапармен келген бас онколог медициналық мекемелерде енгізілген жаңа технологиялардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздің бас онкологы «Қазақ Онкология және Радиология Ғылыми-Зерттеу институты» АҚ басқармасының төрәйімі м.ғ.д. Ұ.Ғ.А. академигі Диляра Қайдарова және Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қалалық онкологиялық орталыққа жұмыс сапарымен келді. Еліміздің бас онкологы және басқарма басшысы медициналық ұйымдағы құрылымдық бөлімшелерді аралап шықты. Сондай-ақ, радиологиялық корпустың жайдайымен танысып, жаңа технологияларды енгізу жағдайын көріп шықты.

Кездесу барысында Диляра Қайдарова онкологиялық орталық мамандарымен бірге аймақтағы науқастарды жоғары технологиялық емдеудің қолжетімділігі және радиологиялық жағдайдың болашақтағы жұмысы турасында талқылады. Сонымен қатар, Д. Кайдарова қаладағы онкологиялық орталық ұжымына сәттілік тілеп, медициналық қызметтің сапасын жақсарту қажеттігін айтты.