Шымкентке Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары келді

0
659

Жұмыс сапары барысында Шымкент қалалық Ассамблея мүшелерімен, этномәдени бірлестік төрағаларымен, өзбек этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті.


 Шымкентке Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары келді

Шымкент қаласына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыс сапары барысында Шымкент қалалық Ассамблея мүшелерімен, этномәдени бірлестік төрағаларымен, өзбек этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды сапалы жүзеге асыру барысы талқыланған жиында қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак, қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Хурматой Абдухамидова сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Сондай-ақ, М.Әзілханов Шымкент қаласындағы «Достық үйінің» ғимаратына арнайы келіп, қызметімен танысты.
«Достық үйі» ғимараты Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі мен 17 этномәдени бірлестікке және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдарға алдағы қазан айында пайдалануға беріледі.
800 орындық көрермен залы және үйірмелер мен шығармашылық топтардың және ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар мен жексенбілік мектептердің жұмыс істеуіне лайықты жағдай жасалмақ.