Шымкентке қонаққа келіп, адасып қалған 4 жасар бала табылды

0
981

Төрт жасар бала әжесімен бірге Түркістан облысынан Шымкент қаласындағы туыстарының үйіне қонаққа келген.


Шымкентке қонаққа келіп, адасып қалған 4 жасар бала табылды

Шымкент полицейлері қалаға қонаққа келіп, адасып қалған төрт жасар баланы тапты, – деп хабарлайдыERNUR.KZ.

9 маусым сағат 20:50 шамасында Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әжесі немересінің жоғалғандығы туралы арызданған.

Төрт жасар бала әжесімен бірге Түркістан облысынан Шымкент қаласындағы туыстарының үйіне қонаққа келген.

Хабарлама бойынша шұғыл іздеу жұмыстарына кіріскен тәртіп сақшылары сағат 21:35 шамасында баланы көшеде кетіп бара жатқан жерінен тауып, туыстарына тапсырды. Аулаға ойнауға шыққан бала байқамай үйден алыстап кетіп, адасып қалған.