​Шымкентке Қытай және Катар елдерінен гуманитарлық көмек келді

0
917

Мұндай гуманитарлық көмек Ресейден де күтілуде.


​Шымкентке Қытай және Катар елдерінен гуманитарлық көмек келді

Шымкентке Қытай және Катар елдерінен медициналық заттар келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алып-сатарлық жағдайларын жою бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Жұмысшы топ дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың қоймаларына күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласына Қытай және Катар елдерінен әлеуметтік көмек жеткізілген болатын. Мониторингтік топ шетелден келген тауарларды есептеп, діттеген жерге жеткізілуін қадағалады.

Қос елден гуманитарлық көмек ретінде 80 дана термометр, 2 мың медициналық қорғаныс комбинезондары, 10 мың бір реттік хирургиялық қолғаптар, 61 мыңнан астам түрлі бетперделер (медициналық, хирургиялық, пластикалық және т.б), 2 мыңнан астам хирургиялық,арнайы және медициналық қорғау костюмдері, 7 мыңға жуық медициналық қорғаныс көзілдіріктері жеткізілген.

Сондай-ақ, әлеуметтік көмек Ресейден келуі күтілуде. Тауарлардың барлығы Департамент пен Жұмысшы топ тарапынан бақылауға алынатын болады.

Айта кетейік, кез-келген азамат дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының жоғарылауына және жетіспеушілігіне қатысты шағымдары мен ұсыныстарын 8702 000 24 94, 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне фото және бейне материалдармен жолдай алады.