Шымкентке павлодарлық црик өнерпаздары келді

0
679

Шымкенттен бастау алған бұл бағдарлама әрі қарай кіші аудандар мен оңтүстіктің барлық қалаларын аралайды.


Шымкентке павлодарлық црик өнерпаздары келді
Павлодардан келген Рингостар цирк өнерпаздары шымкенттік көрерменге қуаныш сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Павлодарда құрылған Шапито Рингостар циркінің меңгерушісі Ринат Фахрнуров Шымкенттен бастау алған бұл бағдарлама әрі қарай кіші аудандар мен оңтүстіктің барлық қалаларын аралайтынын айтты.
Өнерпаздар Шымкентке қалалық Татар-башқұрт этномәдени орталығының шақыртуымен келіпті. Бағдарламаның ашылуына орай, ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясын жасады.
Атап айтар болсақ, Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері 6506 әскери бөлімше командирі ұйымдастырған арнайы көлікпен келіп, бағдарламаны тамашалап мәз-мейрам болды.
Цирк бағдарламасы Ніл аллигаторлары, амазониялық анакондалар, кірпі, жанат, үйретілген ит-мысықтардың қойылымдары мен экстремальді шоумен айшықталды. Сонымен қоса, кішкентай көрермендерге түрлі сыйлықтар үлестірілді.

Aйта кетейік, әр жыл сайын жаңа бағдарламаларымен көрермендерін қуантып келген Шымкент Цирк осы уақытқа дейін «Алақай, балақай!», «Ертегілер елінде» «Джунгли», «Иллюзион шоу», «Маскарад», «Ертегі ішіндегі ертегі» «Цирк шақырады», «13 ғажайып», «Наурыз-думан», «13 - Аймақ» «Таңғажайып керуен» және т.б қойылымдарын қойды. 2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында, Шымкент цирктің 10 жылдығына орай, жаңа форматта «Shymkent circus NEW», «Family Circus», «On цирк», «Jas цирк» бағдарламалары түзілді.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған «Оңтүстік – Цирк» 10 жылдың ішінде айтарлықтай жетістікке жетті. «Мачта» номері «Шабыт» фестивалінде 1 орынды, «Үйретілген күшіктер» номері ІІІ орынды жеңіп алды. «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк фестивалінде «Семафор» және «Әуе гимнастары» номері І орынды «Канат» және «Серіппелі тақтайша» нөмерлері ІІ орын иеленді. Қытай Халық Республикасы Хэнань провинциясының Лоян қаласында өткен ІІІ акробатикалық фестивалінде О.Касаткиннің жетекшілігіндегі әуе акробаттары І орынды иеленді. Шымкент цирк әлемдік цирк ұжымымен бірлесе жұмыс істейді. Өткен 10 жылдың ішінде Мәскеудің Никулин циркі, «Варшава циркі», ресейлік «Цирк на льду», «Цирк на воде», «Миллениум», «Қаладағы қасқырлар» және «Вьетнам циркі», «Принц Египта», «Запашный циркі», «Пілдер шоуы» циркі үшінші мегаполис жұртшыдығына қуантып, Шымкент цирк манежінде өнер көрсетті. Сонымен қатар Шымкент цирк әртістері де шет мемлекеттерге, атап айтқанда, Египет, Турция, Қытай, Ресей Федерациясы және Қырғызстан Республикасында гастрольдік іссапармен болып, тәжірибе алмасып қайтты. Қазіргі таңда І.Рахманкулов, А.Тағайбек және Е.Игенбеков Дубай қаласында өтіп жатқан «Экспоға» әртіс ретінде қатысып, өнер көрсетіп жүр.