Шымкентке шетелден медицина мамандары келеді

0
652

"Қазіргі таңда жағдай қалыпқа келе бастады."


Шымкентке шетелден медицина мамандары келеді

Шымкентке шетелден медицина мамандары тәжірибе алмасу үшін келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев мәлімдеді.

Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі орындар санын да көбейтіп, бүгінде 141 жан сақтау орны бар. Олар №2 қалалық аурухана, Асар мөлтек ауданындағы 200 төсек-орындық инфекциялық аурухана жəне қалалық кордиологиялық орталықтардың базасында орналастырылған. Бұл бағытта реаниматолог мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда бүгінге дейін жедел жәрдем қызметін шақыртушылар саны 2 есеге өскен еді. Қазіргі таңда жағдай қалыпқа келе бастады. Ал дәрі-дәрмек бойынша Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан т.б. елдердің компаниялармен келісімшарт жасалынып, дәрі-дәрмектер әкелінуде. Сонымен қатар келесі аптада Ресейден тәжірибе алмасу үшін әрі көмек беру үшін 5 маман, Түркия елінен 10 маман келеді деп күтілуде, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қалада дəрілердің бағасын тұрақтандыру үшін құрылған 4 мониторингтік топ бүгінге дейін 50 заң бұзушылық фактісін анықтап, оларға тиісті әкімшілік шаралар көрсеткен. Одан бөлек, дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну ескертілген.