Шымкентте 10 мың үйді қамтамасыз ететін күн электр станциясы салынып жатыр

0
775

Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде.


Шымкентте 10 мың үйді қамтамасыз ететін күн электр станциясы салынып жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысы әкімдік пен "KAZAKH INVEST"ҰК" АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвесторлар "Хевел" компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды.
Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдері тұрады екен. Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады.
Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электр энергиясын өндіруді 20% - ға арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша күн электр станиясының құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов станция жұмысына жергілікті кадрларды тартып, отандық өнімдерді пайдалану қажеттігін айтты.
Айта кетейік, «Хевел» компаниялар тобы 2009 жылы құрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі интеграцияланған компания болып табылады. Еліміздегі жобаны іске асыру құқығы берілген "Hevel Kazakhstan (Хевел Казахстан)" ЖШС-і осы "Хевел" МК еншілес компаниясы.