Шымкентте 100 дана орындық қоқыс жәшіктерімен қоса қойылып жатыр

0
620

Демалуға арналған орындықтар адам көп шоғырланатын көшелерге орнатылып жатыр.


Шымкентте 100 дана орындық қоқыс жәшіктерімен қоса қойылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 8 көшеге 100 дана орындық қоқыс жәшіктерімен қоса қойылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Демалуға арналған орындықтар адам көп шоғырланатын Іляев, Қонаев, Республика, Тәуке хан, Түркістан, Қазыбек би, Байтұрсынов және Момышұлы көшелерінің бойына орнатылып жатыр. 20 көшеге жалпы саны 906 қоқыс тастауға арналған жәшіктер қойылады. Бүгінде жұмыстардың 85 пайызы орындалды. Жыл соңына дейін толығымен аяқталады.

Аудан әкімі Р. Мыңбаев орындықтар мен қоқыс жәшіктерінің қажеттілігі жоғары деген орындарға қойылуын тікелей өзі бақылауға алды. Жауапты «Компания Энерго-А» мердігер мекемесінің мамандарымен кездесіп, жұмысты сапалы етіп жасауды тапсырды.