Шымкентте 100 мыңнан астам студент білім алады

0
678

Оның 75 022-сі шаһардағы 8 жоғарғы оқу орнында оқиды.


Шымкентте 100 мыңнан астам студент білім алады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 106 792 студент білім алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мәлімдеді.

Бүгінде Шымкент жастар қаласы ретінде танылып келеді. Мұнда 106 792 студент білім алуда. Оның 75 022-сі шаһардағы 8 жоғарғы оқу орнында оқиды. Сондай-ақ, 32 колледжде 31 770 студент бар.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Шымкентте 2022 жылы 900 орынды 2 жатақхананы, ал, 2023 жылы 1 650 орынды тағы 5 жатахананы пайдаланға беру жоспарланған.