Шымкентте 102 мобильді қосымшасы іске қосылды

0
2 540

102-қосымшаның көмегімен азаматтар полицияға кез келген құқық бұзушылық туралы аудио және видео қоңыраулар арқылы хабарлама жібере алады.


Шымкентте 102 мобильді қосымшасы іске қосылды

1 ақпанынан бастап Полиция департаментінде халыққа ыңғайлы жаңа сервис, 102 мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл қосымша халыққа сапалы қызмет көрсетуді құрудың жаңа және тиімді құралы болып табылатын омниканалдық жүйе платформасында жұмыс істейді.


Бұл қосымшаны кез келген мобильді құрылғыға AppStore немесе PlayMarket арқылы жүктеуге болады.

102-қосымшаның көмегімен азаматтар полицияға кез келген құқық бұзушылық туралы аудио және видео қоңыраулар арқылы хабарлама жібере алады.

102 операторы қоңырау шалушының орналасқан жерін автоматты түрде көреді, ұялы телефон камерасы арқылы қоршаған ортаны көреді, сондай-ақ оқиғаға шұғыл әрекет ету және көмек көрсету шараларын қабылдай алады.