Шымкентте 11 жасар қыз өзенге батып кетті

0
613

Құтқарушылар бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізген.


Шымкентте 11 жасар қыз өзенге батып кетті

Шымкенттегі Бадам өзенінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, жазатайым оқиға 7 тамыз күні сағат 14:47-де болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 2011 жылы туған қыз абайсызда өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Ол жүзе алмайды екен. Қайғылы оқиға Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінде болған", - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін судан шығарып, туыстарына берді.
Оқиға орнына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы тартылды.