Шымкентте 12 мыңнан астам абонент табиғи газбен қамтамасыз етілді

0
253

Табиғи газбен қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға өскен.


Шымкентте 12 мыңнан астам абонент табиғи газбен қамтамасыз етілді

ERNUR.KZ. Биылғы жоспар жүзеге асып, Шымкент қаласында 8 елді мекенде 12 мыңнан астам абонент көгілдір отынды тұтынуға мүмкіндік алып отыр.


Қазіргі таңда қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесіп, аталған елді мекендерде абоненттеу жұмыстарын жүргізуде.

Абоненттеу жұмыстары аяқталған соң, Нұртас шағын ауданында 300, Ақтас-1 шағын ауданында 371, Ақтас-2 ш.а 240, Ақжар ш.а 918, Арғымақ ш.а 564, Нұршуақ елді мекенінде 5 892, Тұран (3-кезек) бойынша 2 554 және Сәуле 276 орамында 1 263 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы табиғи газбен қамту көрсеткіші 94%-дан 96%-ға өсіп отыр.