Шымкентте 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалды

0
740

Полиция жоғалған жасөспірім қызды іздестіріп жатыр.


Шымкентте 14 жастағы жасөспірім қыз жоғалды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған жасөспірім қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 3-шілдесінде Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында сағат 21:30 шамасында 14 жастағы қызы Махамбеталиева Гулмира Жаналиевна үйден шығып, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін көрсеткен.

Жоғалған жасөспірім қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған қызды көрген-білген адамдар болса, тез арада 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұранамыз.