Шымкентте 1500-ден астам адам кәсіптік білім алып жатыр

0
1 053

23 оқу орталығында қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға жолдама берілген.


Шымкентте 1500-ден астам адам кәсіптік білім алып жатыр

Шымкентте 1500-ден астам адам оқу орталықтарында кәсіптік білім алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағындағы жұмыс беруші мекемелерден қазір кәсіптік және техникалық мамандарға сұраныс көп түсуде. Бүгінде еңбек нарығында дәнекерлеуші, электрик, құрылыс шебері, шаштараз, тігінші, көкөніс өсіруші, мерчендайзар мамандарының тапшылығы байқалады.

Нарықтағы осы қажеттілік ескеріліп, 1671 жұмыссыз азаматқа 23 оқу орталығында қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға жолдама берілген.
Бұл бағыттағы жұмыстар "Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы" аясында жүзеге асырылуда.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы жыл басынан бері 2 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған.