Шымкентте 17 жастағы жігіт автокөлігімен үш баланы қағып кетті

0
1 639

Бір бала оқиға орнында қайтыс болған.


Шымкентте 17 жастағы жігіт автокөлігімен үш баланы қағып кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 17 жастағы жасөспірім үш баланы «Митсубиси» автокөлігімен қағып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, 2002 жылы туған бозбала көлігімен көше бойында ойнап жүрген үш бірдей баланы басып кетіп, нәтижесінде 7 жасар жеткіншек соққы салдарынан оқиға орнында мерт болған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлемдеме жасады.

«Жол-көлік оқиғасынан үш бала зардап шеккен. Өкінішке орай, бір бала оқиға орнында қайтыс болған. Қалған екі бала түрлі дене жарақатымен Нұрсат шағынауданындағы Түркістан облыстық балалар ауруханасына жеткізілген», - делінген аталған хабарламада.

"Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болжамды құқықбұзушы уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды," - деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.