Шымкентте 2 күнде 77 қайыршы қамауға алынды

0
2 537

Қайыршы кейіпіндегі кісілер күніне 10-15 мың теңге табыс табатынын да жасырмайды.


Шымкентте 2 күнде 77 қайыршы қамауға алынды

Тәртіп сақшылары 2 күннің ішінде көшеде қайыр сұрап жүрген 77 адамды қамауға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұсталған әйелдердің барлығы – шетелден келген. Олар шаһардағы адам көп жүретін орталық көшелерде жұрттан қайыр сұрауды кәсіпке айналдырған.

Мамандардың айтуынша, алаяқтардың барлығы өздерінің қиын тағдырлары туралы айтып, босатуын өтінеді. Алайда қайыршы кейіпіндегі кісілер күніне 10-15 мың теңге табыс табатынын да жасырмайды. Бірақ санитарлық талаптарды айтпағанда адам тұруға келмейтін ескі ғимараттарға топ-тобымен жайғасқан. Онда үй-күйі жоқ қаңғыбастар да тұрып жатыр. Жақын арада сот шешімімен шетел азаматтары елден шығарылады. Кейбіріне айыппұл төлеуге тура келеді.

– Іс-шара жүргізу барысында ұсталғандардың көбімен сұхбат жүргіземіз. Олардың көбі қайыршылықты әдетке айналдырған. Ақша табудың оңай жолы ретінде көреді. Қайыршылықпен айналысып жүрген азаматтарға біз әкімшілік кодескінің 444 бабы бойынша хаттама толтырып, ескерту немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл саламыз. Екінші мәрте қайталған жағдайда шетел азаматтарын сот шешімімен елден шығарамыз, - қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім басшысы Данабай Әлиев.

Бөлісу